Түркия ІІМ деректеріне сүйенген Reuters жараланғандардың саны 126 адам екендігін жазып отыр.
Еске сала кетсек, Анкарадағы жарылыстар сенбіде, 10 қазанда теміржол вокзалы алдында «Еңбек. Бейбітшілік. Демократия» бейбіт наразылық шеруі кезінде болды. Онда шеруге қатысушылар түрік билігі мен күрдтар арасындағы әскери қақтығыстарды тоқтатуды сұраған. Түрік билігі Анкарадағы жарылыстар сериясын теракт деп есептейді.
Оқиға орнында құқық қорғау органдары мен саперлер жұмыс істеуде. Дәрігерлер жараланғандарды емдеу мекемелеріне әкетіп жатыр. Әуеде тікұшақ айнала ұшып жүр, деп хабарлайды Anadolu.
Желіде жарылыс болған сәт көрсетілген видео пайда болды.