Анкараның басшысы М.Гокчек мырза Азиада алауын ұстап Астананың символына айналған Бәйтерек монументінің алдымен жүгіріп өтті. Осыдан кейін журналистерге берген сұхбатында ол осынау ауқымды спорттық іс-шара маңыздылығын ерекше атап өтіп, өзінің құттықтауын жеткізді.
«Маған Қазақстанда өтетін 7-Қысқы Азия ойындарының эстафетасына қатысып, Азиада алауымен Астананың көшелерімен жүгіру туралы ұсыныс түскен кезде, мен бірден келістім. Қазақстанды осы үлкен жетістікпен құттықтай отырып, оның алдағы Азиада ойындары кезінде тек бірінші орыннан ғана көрінуіне тілектеспін», - деді өз сөзінде М.Гокчек.
«Бәріміз жақсы білеміз, еліміз егемендігін алған кезде, Түркия біздің Тәуелсіздігімізді бірінші болып мойындаған еді. Сондықтан да бүгінгі біздің мерейтойымызда Түркияның Анкара қаласының басшысы Мелих Гокчек қатысып, Азиада алауымен Астана көшелерімен жүгіріп өтуге ниет білдіріп отыр. Гокчек мырзаның осы ниеті үшін біз өте қуаныштымыз», - деп атап көрсетті Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетов.