Анна Баларшина спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогында үздік ондыққа кірді

АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Кореяның Кунсан қаласында спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогының кезеңі аяқталды.

Фото: ҰОК

Аталған жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары «жылдамдық» және «боулдеринг» сайысында бақ сынады.

Әйелдер арасындағы «жылдамдық» сайысында Анна Баларшина жетінші орынға ие болды. Ал Арина Новицкая 17-орынға тұрақтады. Ерлер арасында Жандос Қалыбай 17-орынға табан тіреді.

«Боулдеринг» сайысында Азат Майкотов 29-орын, Вадим Ишмухаметов 36-орын, Матвей Есипов 37-орын, Глеб Семешкин 39-орынға тұрақтады. Әйелдер арасында Айханым Айдарханқызы 19-орын, Полина Андреева 30-орын, Виктория Адаменко 35-орынға жайғасты. 

Айта кетелік бүгін бокстан Қазақстан біріншілігінде финалға жолдамалар сарапқа салынады.