Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің чемпионы атанды
23:04, 23 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Анна Данилина Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің финалында ойнады.
Жарыстың 1-ракеткалары Анна Данилина — сербиялық Александра Крунич финалда тайбэйлік Чань Хаочин — қытайлық Синью Яньмен бас жүлде үшін кортқа шықты.
Бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық-сербиялық жұп басымдылық танытты — 7:6 (7:3).
Екінші сетті Анна мен Александра брейкпен түйіндеді — 6:4.
Бір сағат 37 минутқа созылған бәсекеде Данилина — Крунич 3 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қытайлық-тайбэйлік дуэт 1 эйс, 3 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның АҚШ-тағы турнирдің финалында өнер көрсететінін жазған едік.