Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің финалына өтті

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Анна Данилина Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге жартылай финалда жарыстың 1-ракеткалары, чехиялықтар Барбора Крейчикова – Катерина Синяковамен кездесуі керек болатын.

Алайда «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпиондары Б.Крейчикова мен К.Синякова доданы жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Кливлендте 4-ракетка болып тіркелген А.Данилина мен А.Крунич ойнамастан финалға жолдама алды.

Қазақстандық-сербиялық жұп соңғы бәсекеде жапониялық Сюко Аояма – тайбэйлік Хао Чин Чань немесе америкалық Николь Мартинес – аустралиялық Эллен Перес жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілердің АҚШ ашық чемпионатындағы қарсыластары анықталды.

Юрий Польский Новак Джокович Astana Open турниріне келсе, қуанатынын айтты.