Анна Данилина әлемдік рейтингіде 16-орынға көтерілді

Фото: Фото: Sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисшілердің жаңартылған әлемдік рейтингідегі орындары белгілі болды.

Әйелдер арасында WTA рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 7-ден 8-ге, Юлия Путинцева 20-дан 24-орынға сырғыды.

Есесіне Жібек Құламбаева жекелей сында 322-ден 309-ға, Зарина Дияс 334-тен 325-ке, Анна Данилина 901-ден 987-ге көтерілді.

Жұптық сында А.Данилина 17-ден 16-ға, Ю.Путинцева 80-нен 76-ға жоғарыласа, Ж.Құламбаева 157-ден 163-ке төмендеді.

Ерлер арасында ATP рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 82-ден 80-ге ауысса, Александр Шевченко 98-сатыда қалды. Михаил Кукушкин 166-дан 160-қа, Тимофей Скатов 182-ден 175-ке шықты.

Бейбіт Жұқаев 213-тен 215-ке, Дмитрий Попко 220-дан 245-ке, Денис Евсеев 256-дан 258-ге сырғыды.

Жұптық сында Александр Недовесов 70-тен 74-ке, А.Бублик 129-дан 130-ға түсіп қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Майами турнирінде Рыбакина мен Путинцеваның өнер көрсететінін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик АҚШ-тағы жарыстың финалында есе жіберді.