Анна Данилина әлемдік рейтингіде ТОП-10-ға қайта кірді

АСТАНА. KAZINFORM — Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингі деректерін жариялады.

Фото: Kazinform

Жекелей сында беларусьтік Арина Соболенко бұрынғыша көш бастаса, Польша өкілі Ига Швентек екінші, қазақстандық Елена Рыбакина үшінші орында қалды. 

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева 70-орнын сақтады.

Зарина Дияс 282-ден 290-ға, Жібек Құламбаева 387-ден 388-ге сырғыды.

Жұптық сында бельгиялық Элизе Мертенс бірінші, чехиялық Катержина Синякова екінші сатыда тұрса, италиялықтар Жасмин Паолини мен Сара Эррани үшінші орынды бөлісіп тұр.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 11-ден 10-ға шықты. Сөйтіп ол ТОП-қа қайта кірді. Аннаның үздік көрсеткіші (8) 2025 жылы маусым айында тіркелген еді.

Юлия Путинцева 102-ден 106-ға, Жібек Құламбаева 133-тен 137-ге төмендеді.

Е.Рыбакина мен А.Данилина осы аптада Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінде өнер көрсетеді.

Е.Рыбакинаның екінші айналымдағы қарсыласы бүгін анықталады. Жұптық сында жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина мен сербиялық Александра Крунич те доданы екінші айналымнан бастайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жеңісті жолын Дохада жалғастыра ала ма, соны жазған едік.