АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Анна Данилина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады.
Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина - ресейлік Ирина Хромачева ширек финалда жапониялықтар Сюко Аояма - Эри Ходзумимен шеберлік байқасты.
Фаворит саналғанына қарамастан, қазақстандық-ресейлік жұп 0:6, 4:6 есебімен жеңіліс тапты.
Бір сағат 11 минутқа созылған бәсеке барысында А.Данилина - И.Хромачева 1 эйспен бірге 2 брейк-пойнтты пайдаланды. Жапониялық дуэт 9 брейк-пойнттың алтауын мүлт жіберген жоқ.
Сюко Аояма - Эри Ходзуми финалға шығу үшін ресейліктер Мирра Андреева - Диана Шнайдермен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның алғаш рет United Cup турнирінің жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).