ДУБАЙ. KAZINFORM - Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Дубай WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті.
Қазақстандық теннисші қытайлық Чжан Шуаймен бірге бастапқы кездесуін бразилиялық Ингрид Гамарра Мартинс - украиналық Надежда Киченокпен өткізді. Қазақстандық-қытайлық жұп 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 15 минутқа созылған матчта олар 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Қарсыластары 2 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.
Анна Данилина - Чжан Шуай ширек финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, канадалық Габриэла Дабровски - жаңа зеландиялық Эрин Рутлифпен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Доха турнирінің финалында әлемнің 1-ракеткасына жол бергенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).