Қазақстанның жұптық сында бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Анна Данилина Гонконг WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Kazinform .
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина ресейлік Александра Пановамен бірге жартылай финалда грузиялық Оксана Калашникова – белоруссиялық Александра Сасновичпен жолықты.
Бірінші партияда А.Данилина мен А.Панова 4:1 есебімен алға кеткенімен, сол басымдылықты ұстап тұра алмады – 4:6.
Екінші сетте О.Калашникова – А.Саснович ойын тізгінін берген жоқ – 6:3. Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында олар 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қазақстандық-ресейлік жұп 1 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.
Еске сала кетейік, Андрей Голубевтің Братислава турнирінің финалына өткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).