Анна Данилина Гонконг жарысының жартылай финалына шықты

Фото: Фото:freepik.com

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Анна Данилина Гонконг WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Жарыстың бірінші ракеткалары Анна Данилина мен ресейлік Александра Панова ширек финалда ресейліктер Софья Лансере – Камилла Рахимовамен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-ресейлік дуэт 6:3, 7:6 (7:4) есебімен басым түсті. Олар сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ресейлік жұп 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

А.Данилина – А.Панова финалға шығу үшін доданың 3-ракеткалары, грузиялық Оксана Калашникова – белоруссиялық Александра Сасновичпен таласады.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев жұптық сында Қытайдағы Шэньчжэнь челленджер жарысының жартылай финалына шыға алмады. Ол ресейлік Алибек Качмазовпен бірге ширек финалда аустралиялықтар Люк Сэйвилл – Ли Туға есе жіберді – 4:6, 2:6.

Еске сала кетейік, Анна Данилинаның Гонконг турнирінің ширек финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Қазақстандық теннисшілер Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады.