Анна Данилина Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты

Фото: olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Анна Данилина Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің финалына жолдама алды.

Мастерс жарысының 5-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге жартылай финалда испаниялық Кристина Букша — америкалық Николь Меликар-Мартинестің мысын басты.

Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық жұп 6:3 есебімен басымдылық танытты. Олар екінші сетте де есесін жіберген жоқ.

Бір сағат 20 минутқа созылған бәсекеде Данилина — Крунич 3 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Букша — Меликар-Мартинес бір эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) ерекшеленді.

Анна Данилина — Александра Крунич финалда турнирдің 3-ракеткалары, чехиялық Катержина Синякова — америкалық Тейлор Таунсендпен чемпиондық атақты сарапқа салады. Олар жартылай финалда доданың 1-ракеткалары, италиялықтар Сара Эррани — Жасмин Паолиниді ұтты — 6:2, 6:2.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Индиан-Уэллс турнирінде Анна Данилинаның финалға шығу үшін таласатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ ширек финалға шыққан Елена Рыбакина өткен жылғы көрсеткішін жақсартты.

Билли Джин Кинг кубогында Қазақстан мен Канада құрамаларында кімдер ойнайтыны белгілі болды.