Анна Данилина Индиан-Уэллсте жарыс жолынан шығып қалды

Фото: Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Анна Данилина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінде жарыс жолынан шығып қалды.

Қазақстандық теннисші қытайлық Чжан Шуаймен бірге бастапқы матчын жапониялық Мию Като – индонезиялық Алдила Сутджиадимен өткізді.

Бірінші партияда жапониялық-индонезиялық дуэт 7:5 есебімен басым түссе, екіншісінде А.Данилина Ч.Шуай есе қайырды – 6:2.

Супер тай-брейкте Като – Сутджиади бет қаратпады – 10:1.

Индиан-Уэллсте жекелей сында Юлия Путинцева үшінші айналымда америкалық Мэдисон Кизбен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ ерлер арасында Александр Бублик жекелей және жұптық сында өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың жұптық сында Бразилиядағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.