АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Анна Данилина Лерида (Испания) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.
Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен эстониялық Ингрид Нил ширек финалда жапониялық Нао Хибино — тайбэйлік Ву Фанг-Хсиенмен сынға түсті.
Қазақстандық-эстониялық дуэт 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Олар бір сағат 8 минутқа созылған бәсеке барысында 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.
Хибино — Фанг-Хсиен 3 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
Анна Данилина — Ингрид Нилдің жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Франциядағы турнирді сәтті бастағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).