АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 57-ракеткасы Анна Данилина Бари (Италия) челленджер турнирінің финалына шықты.
Жарыстың 1-ракеткалары А.Данилина - ресейлік Ирина Хромачева жартылай финалда тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева - португалиялық Франчиска Хорхемен соңғы бәсекенің жолдамасын сарапқа салды.
Қазақстандық-ресейлік жұп 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Олар бір сағат 5 минутқа созылған матчта 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Анна Данилина - Ирина Хромачеваның финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Ұлыбританияда Астана турнирінің финалисін ұтқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).