АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 51-ракеткасы Анна Данилина Парма (Италия) челленджер турнирінің финалына шықты.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина мен ресейлік Ирина Хромачёва жартылай финалда чехиялықтар Мириам Колодзиэёва – Анна Шишковамен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-ресейлік жұп небәрі 19 минутқа созылған бірінші партияда бет қаратпады – 6:1. Осыдан кейін чехиялық дуэт бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Анна Данилина – Ирина Хромачёваның жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Италия мен Хорватияда жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Астанада алғаш рет Азия теннис федерациясы директорлар кеңесінің мүшелері бас қосты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).