Анна Данилина Қазақстан – Жапония матчын бастайды
10:14, 11 Сәуір 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Токио қаласында Билли Джин Кинг кубогі Қазақстан мен Жапония арасындағы іріктеу матчының жеребесі тартылды.
Аталмыш дода 12-13 сәуір күндері өтеді.
Алғашқы болып кортқа 12 сәуір күні Қазақстан уақыты бойынша сағат 10.00-де Анна Данилина мен әлемнің 79-ракеткасы Нао Хибино шығады.
Содан кейін Юлия Путинцева мен «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін жеңімпазы Наоми Осакаға кезек келеді.
Сенбі күні Юлия Путинцева – Нао Хибино, Анна Данилина – Наоми Осака және жұптық сында А.Данилина – Жібек Құламбаева мен Сюко Аояма – Эна Сибахара ойындары жоспарланған.
Командалар капитандары ойыншыларды алмастыра алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың жұптық сында Мексикадағы турнирдің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.