АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Анна Данилина Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
А.Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге екінші айналымда испаниялық Кристина Буча – румыниялық Моника Никулескудің мысын басты.
Бірінші партияда испаниялық-румыниялық дуэт 6:4 есебімен басым түсті.
Екіншісінде қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:0.
Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:8.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Данилина – Хромачева эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Буча – Никулеску 2 брейкпен (14 брейк-пойнт) шектелді.
Анна Данилина – Ирина Хромачева жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, канадалық Габриэла Дабровски – жаңазеландиялық Эрин Рутлифпен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Қытайдағы турнирде Олимпиада жүлдегерін жеңгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).