АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Мадрид (Испания) WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады.
Доданың 6-ракеткалары А.Данилина – ресейлік Ирина Хромачева екінші айналымда чехиялық Линда Носкова – даниялық Клара Таусонмен шеберлік байқасты.
Матчты қазақстандық-ресейлік жұп сәтті бастады – 6:3. Алайда екінші партияда чехиялық-даниялық дуэт есе қайтарды – 6:4.
Супер тай-брейкте Носкова – Таусон сәтті ойнады – 10:7.
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Данилина – Хромачева 3 эйспен бірге 15 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Л.Носкова – К.Таусон 3 эйс, 4 брейкпен (12 брейк-пойнт) көзге түсті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Мадрид турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.
Бублик Мадридте өткен жылғы чемпионды ұтып, төртінші айналымға өтті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).