АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Мерида (Мексика) WTA 500 турнирінің финалында өнер көрсетті.
Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева финалда Польша өкілі Катажина Питер — мысырлық Маяр Шерифпен шеберлік байқасты.
Матч тартысты өтіп, 7:6 (7:2), 7:5 есебімен К.Питер — М.Шериф жеңіске жетті.
Бір сағат 53 минутқа созылған бәсеке барысында Данилина — Хромачева эйс жасамағанымен, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Шериф — Питер 1 эйс, 5 брейкпен (15 брейк-пойнт) көзге түсті.
Жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асатын додада жекелей сында әлемнің 10-ракеткасы, америкалық Эмма Наварро үздік шықты. Ол рейтингіде 133-орындағы колумбиялық Эмилиана Арангоны тас-талқан етіп жеңді — 6:0, 6:0.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мексикадағы Мерида турнирінде Анна Данилинаның камбэк жасап, финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Ахмади Мақанов Швециядағы супер турнирдің чемпионы атанды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).