АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Анна Данилина Мерида (Мексика) WTA 500 турнирін сәтті өткізуде.
Ресейлік Ирина Хромачевамен бірге жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуінде ұлыбританиялық Эмили Эпплтон – америкалық Куинн Глисонның мысын басты – 6:3, 6:4.
Қазақстандық-ресейлік жұп ширек финалда украиналықтар, апалы-сіңлілі Марина және Надежда Колбтармен шеберлік байқасты. Бірінші партияда Данилина – Хромачева 6:2 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте украиналық дуэт медициналық көмекке жүгініп, матчты жалғастырудан бас тартты.
Анна Данилина – Ирина Хромачева жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асатын доданың финалына шығу үшін турнирдің 3-ракеткалары, мажарстандық Тимея Бабош – америкалық Николь Меличармен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дубай турнирінде Юлия Путинцеваның жарыс жолынан шығып қалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).