Анна Данилина Мексикадағы WTA 500 турнирін жеңіспен бастады
15:05, 11 Қыркүйек 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Мексиканың Гвадалахара қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде қазақстандық Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен жұптаcып өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстан-Ресей дуэті Кайла Дэй (АҚШ)/ Ребекка Марино (Канада) жұбын екі сет қорытындысы бойынша 6:0, 6:2 есебімен жеңді.
Данилина мен Хромачева аталған турнирдің жұптық сындағы үшінші нөмірлі ойыншылары болып тіркелді. Сондай-ақ бұл жарыс Анна мен Ирина үшін АҚШ ашық біріншілігінен кейінгі бірінші турнир болды.
Еске сала кетсек, Данилина – жұптық разрядта Қазақстанның бірінші ракеткасы. Ол WTA рейтингінде 40-орында тұр.
Бұған дейін Қазақстан футзал құрамасының Еуро-2026 турнирінің іріктеу сатысындағы ойын кестесі анықталғанын жазған едік.