Анна Данилина Мексикадағы жарыстың ширек финалына жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Анна Данилина Монтеррей (Мексика) WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина – ресейлік Ирина Хромачева франциялық Амандин Эсс – мексикалық Виктория Родригеспен шеберлік байқасты.
Небәрі 56 минутқа созылған матчта қазақстандық-ресейлік жұп 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Данилина – Хромачева 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Эсс – Родригес 1 брейктен аса алмады.
Анна Данилина – Ирина Хромачеваның ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Монтеррейде іріктеу сайыстарынан сәтті өткен А.Данилина жекелей сында да өнер көрсетеді. Анна алғашқы айналымда әлемнің 35-ракеткасы, чехиялық Линда Носковамен кездеседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның әлемдік рейтингіде бірден 199 сатыға көтерілгенін жазған болатынбыз.