Данилина мен Морозова ресейлік теннисші Варвара Флинк пен Польша өкілі Вероника Базакты 6:1, 2:6, 10:7 есебімен жеңді. 1 сағат 9 минутқа созылған матч кезінде Данилина екі эйс жасады.
Тағы бір қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Тампереде өтіп жатқан Челленджер турнирдің екінші айналымына шықты. Попко бразилиялық теннисші Орландо Лузды 7:6, 7:5 есебімен жеңді.
Екінші айналымда Попко италиялық Андреа Арнаболдимен кездеседі.