Анна Данилина Португалиядағы жарыстың жартылай финалына шықты
21:38, 25 Сәуір 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Анна Данилина Оэйраш (Португалия) ITF W100 турнирінің жартылай финалына шықты.
Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина – нидерландылық Бибиана Схоофс алғашқы айналымда румыниялықтар Ирина Барэ – Кристина-Андреа Митуді 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстандық-нидерландылық жұп ширек финалда португалиялық Ана-Филипа Сантос – испаниялық Люсия Кортез Йоркты ойсырата ұтты - 6:3, 6:1. Бұл матч бір сағаттан астам уақытқа созылды.
Анна Данилина – Бибиана Схоофстың жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Қытайдағы жарыстың ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.