Анна Данилина Румынияда камбэк жасап, жартылай финалға шықты

Фото: Фото: instagram.com/irina.khromacheva

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Анна Данилина Яссы (Румыния) WTA 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева ширек финалда ресейліктер Мирра Андреева — Софья Лансеремен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда ресейлік дуэт басымдылық көрсетті — 6:3. Бұдан кейін Данилина — Хромачева жеңіске деген жігерлерін таныта білді — 6:2.

Сосын супер тай-брейкте 2:5 есебімен ұтылып жатып, есе қайтара алды — 10:7.

Бір сағат 23 минутқа созылған бәсеке барысында екеуі 4 брейк-пойнттың үшеуін құр жібермеді. Андреева — Лансере 1 эйс, 2 брейктен (6 брейк-пойнт) аса алмады. 

Анна Данилина — Ирина Хромачеваның жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Астанада 16 жасар Әмір Омархановтың ересек қарсыласын ұтқанын жазған болатынбыз.