АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Анна Данилина Яссы (Румыния) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева бастапқы кездесуін ресейлік Амина Аншба – чехиялық Анастасия Детюкпен өткізді.
Ойын қазақстандық-ресейлік жұптың айқын жеңісімен аяқталды – 6:4, 6:3. Бір сағат 26 минутқа созылған матчта екеуі 1 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Ресейлік-чехиялық дуэт 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.
Анна Данилина – Ирина Хромачева жартылай финалға шығу үшін ресейліктер Мирра Андреева – Софья Лансеремен таласады. 17 жастағы М.Андреева осы додада жекелей сында ширек финалға жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың әлемдік рейтингіде бірден 38 сатыға жоғарылағанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).