Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Анна Данилина Монастир (Тунис) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Анна Данилина ресейлік Александра Пановамен бірге алғашқы айналымда хорватиялық Мариана Дражич - латвиялық Дарья Семенистаямен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-ресейлік жұп бір сағатқа созылған матчта 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олар 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Хорватиялық-латвиялық дуэт 2 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.
Анна Данилина - Александра Панованың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жасөспірім теннисшілердің әлемдік рейтингіде жоғары көтерілгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).