Анна Данилина Уимблдонда жеңіліп қалды
«Үлкен дулыға» жарысының 11-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші қытайлық Сюй Ифаньмен бірге бастапқы кездесуін ұлыбританиялық Нэйкта Бэйнс – Майя Люмсденмен өткізді.
Бірінші партияда қазақстандық-қытайлық жұп 6:3 есебімен басымдылық танытты.
Екіншісінде ұлыбританиялық дуэт тай-брейкте есе қайырды – 7:6 (7:3).
Үшінші, шешуші сетте матч тағдыры тай-брейкте шешілді. Мұнда қазақстандық-қытайлық жұп әуелі 4:1 есебімен алға кеткенімен, соны пайдалана алмады – 6:7 (9:11).
Екі сағат 45 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Анна мен Сюй 1 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ.
Қарсыластары 3 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
Ұлыбританиялықтар 1/8 финалға шығу үшін Польша өкілі Магда Линетт – америкалық Бернарда Пера немесе тағы бір америкалық Шелби Роджерс – бельгиялық Янина Викмайер жұптарының қай жеңгенімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдонда Елена Рыбакинаның екінші қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ үш қазақстандық жас теннисші Тегерандағы турнирдің ширек финалына өтті.
Уимблдонда Александр Бублик үшінші айналымға жолдама алды.