Анна Данилина Ұлыбританиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Фото: olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Истбурн (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Бұл жолы Анна Данилина чехиялық Мари Боузковамен бірге алғашқы айналымда жарыстың 3-ракеткалары, испаниялық Кристина Букша – жапониялық Мию Катомен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық-чехиялық дуэт 7:5 есебімен басым түсті. Екінші сетте Данилина - Боузкова 3:1 есебімен алға кетті. Бірақ матчқа доп бергенде, мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен тай-брейкте есесін жібермеді - 7:6 (7:4).

Бір сағат 42 минутқа созылған бәсекеде Данилина - Боузкова 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Букша - Като 1 эйс, 2 брейкпен (11 брейк-пойнт) шектелді.

Қазақстандық-чехиялық жұп жартылай финалға шығу үшін ұлыбританиялықтар Джоди Бёррэдж – Сонай Карталмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдонның іріктеу турнирінде Бейбіт Жұқаевтың алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған едік.