Анна Данилина жұптық сында Истбурн турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші қытайлық Сюй Ифаньмен бірге бастапқы кездесуін жапониялықтар Сюко Аояма – Ена Шибахарамен өткізді.
Бірінші партияда қазақстандық-қытайлық жұп 7:5 есебімен басым түсті.
Екінші сетте есеп 5:5 болған мезетте брейк жасаған С.Ифань мен А.Данилина матчты жеңіспен түйіндеді – 7:5.
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында олар 2 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Жапониялық дуэт 2 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
А.Данилина мен С.Ифаньның ширек финалдағы қарсыластары анықталады.
Аталмыш додада Юлия Путинцева ресейлік Камилла Рахимовамен бірге өнер көрсетеді. Қазақстандық-ресейлік жұп алғашқы айналымда жарыстың 1-ракеткалары, америкалықтар Кори Гауфф – Джессика Пегуламен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің әлемнің 27-ракеткасы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина Истбурн турниріне қатысудан бас тартты.
Уимблдонда Тимофей Скатов тартысты матчта қарсыласына жол берді.