Анненский кен орнында жұмысшы қаза тапты - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Анненский кен орнында жұмысшы мерт болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдай бейсенбі, 14 маусым күні Сәтпаев қаласының маңында орналасқан Анненский кен орнында «Қазақмыс» корпорациясының «Жезқазған түсті металдары» өндірістік бірлестігінде орын алды. Жылжымалы көлікте жарушы-жүргізуші болып жұмыс істеген 32 жастағы азамат алған жарақаттардан көз жұмды.