Елдегі демографиялық жағдайды жақсартуға және бедеулік мәселесіне тап болған жұптарды қолдауға бағытталған «Аңсаған сәби» жобасы 2021 жылы іске қосылды. Сол уақыттан бері Павлодар облысына 1622 квота бөлінген.
– Биыл аймаққа барлығы 250 квота бөлінді. Квота алу үшін азаматтар МӘМС жүйесінде міндетті түрде сақтандырылған болуы қажет. Ерлі-зайыптылар тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгініп, репродуктолог пен урологтың қабылдауына баруға тиіс. Ер адам да, әйел де бастапқы талдауларды тапсыруы керек. Егер жұп талаптарға сай келсе және оларда қарсы көрсетілімдер болмаса, квотаны МӘМС аясында ала алады, – дейді облыстық денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау орталығының репродуктологі Алма Катпина.
Бүгінгі таңда өңірде ЭКО кезегінде 600-ге жуық жұп тұр. Мамандардың айтуынша, адамдардың көбі репродуктологқа кеш жүгінеді, осылайша бедеулікті емдеу процесін созып алады. Дәрігерлер экстракорпоралды ұрықтандыруды көмек көрсетудің соңғы кезеңі деп атайды.
Еске сала кетейік, Қазақстанда егіздер саны артып, шала туған сәбилер үлесі азайған.