Ансбахтағы жарылыстан кейін екі мыңнан астам адамды эвакуациялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германиядағы Ансбах қаласындағы болған жарылыстан кейін музыкалық фестивальға келген 2 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Бұл туралы Бавария федеральды жерінің ІІМ ресми өкілі Reuters агенттігіне мәлім еткен.

Белгілі болғандай, кем дегенде 1 адам қаза тауып, тағы 9 адам жарақаттанған. 

Nordbayern.de порталының ақпаратына қарағанда,  жарылыс болған жерге жақын үйлер мен отельдердегі адамдар да көшірілген.  Олардың саны айтылмай отыр.