Ансбахтағы жарылысты теракт деп атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бавария федералды жерінің ІІД басшысы Иоахим Херрманн Ансбах қаласындағы жарылысты террористік акт деп атады.

Оның айтуынша, жарылысты ұйымдастырған адамның телефонынан табылған видео осыған дәлел. Видеодағы ер адам  араб тілінде қоқан-лоқы жасаған, деп жазды Рейтер агенттігі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, жарылысты ұйымдастырған Сирия тумасы видеода «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының жетекшісіне адал екенін айтып, ант-су ішкен.

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Баварияның Ансбах қаласында муызкалық фестиваль өткен жерде жарылыс болды. Жарылыс кезінде 2,5 мың адам үйлеріне қайтып келе жатқан.

Жарылыстан бір адам қаза тапты, ол - 27 жастағы Сирия тумасы. Бұдан бұрын жарылысты ұйымдастырушыға Германия билігі босқын статусын беруден бас тартқан.