«Иә, ұсыныстар түсті. Менің өзіме де Сочиде болғанымда байқаудың бас жүлдесін алған Хорватия әншісі Дамир Кедзе еуропалық бір альбомды бірлесіп жазуға ұсыныс жасады. Сонымен қатар ол Әдемінің өнеріне тәнті болып, ағылшын тілінде бірлесіп ән жазайық деген ұсынысын білдірді. Қазір бұл мәселелерді ойластырып жатырмыз. Мұнан бөлек, Мәскеуге де жолымыз түсуі мүмкін. Бірақ, қазіргі ең басты мақсатымыз - өз елімізде Әдемінің жеке альбомын шығару", - деді БАҚ өкілдеріне Р.Ғайсин.
Айта кетейік, Сочи қаласында өткен Халықаралық «Жаңа толқын - 2015» байқауына қатысқан қазақстандық әнші Әдемі екінші орынды жеңіп алған болатын.