Әнші Алмас Кішкенбаевтың екінші қызы дүниеге келді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Алмас Кішкенбаев қызды болды. Бұл - отбасының екінші бөбегі. Алмас пен жары Мөлдірдің тұңғышы да қыз.

Әнші бұдан бұрын алғашқы перзенті дүниеге келгенде қуаныштан көзіне жас алғанын айтқан болатын. «Аллах ұлық, қызды болдым»,- деп бұл жолы да ол қуанышын жасырып қалмады.

Алмас пен Мөлдір 2010 жылдың қараша айында шаңырақ көтерген. Бүгінде олар бақытты және үлгілі отбасылардың бірі, деп жазады Baistars.kz.