Ол жұмыстан кетті, нақты айтқанда, он жыл бойы ән айтқан «Дауыс International» тобынан шықты. Бұл туралы hittv.kz музыкалық сайты хабарлады.
«Бұл (ред. - топтан кетуі), топта қандай да бір келіспеушіліктер туындағандықтан емес. Жоқ, біз қыздармен бұрынғыдай доспыз. Менің кетуге дайын екендігімді білгенде олардың көңіл-күйлері түсті. Мен тек, топ туралы ешкім есіне алмайтын кезде емес, қаншалықты болса да атаққа ие болып тұрған қазіргі уақытта кетуді жөн көріп отырмын», - дейді әншілікпен бірге әртістік өнерін бірге алып жүрген Ә.Сәдуақасова.
Сайттың жазуынша, әншінің топтан кетуінің нақты себебі, оның қызмет ету саласын түпкілікті өзгерткісі келгенімен байланысты. Әсел әншіліктен бір жола кетіп, әртіс болмақ.
«Мен өзімді кәсіби әртіспін деп мүлдем санамаймын, мен кәсіпқоймын бұл - нақты», - деді ол.