Әнші Айқын Сосо Павлиашвилимен біргіп бейнебаян түсіруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік әнші Сосо Павлиашвилимен дуэт орындаған Айқын оған бейнебаян түсіруде. Әннің сөзін қазақшаға аударған - Арман Дүйсенов, оның өңдеуін Ринат Ғайсин жасаған.

«Ән нәзік жандылар жайында болмақ. Бұл әнімізді барша әйелдерге арнаймыз», - деді Сосо Павлиашвили.

Әйгілі өнер жұлдызы Сосомен ән орындау Айқын үшін үлкен құрмет. Сондай-ақ ол онымен кездесерде қобалжығанын да жасырып қалмады.

«Қалай танысамын, не деп айтамын, қалай болады деген қобалжу болды. Бірақ Сосоның қасына келгеннен кейін оның өзіне баурайтын қасиеті бар өте қарапайым, адами тәрбиесі өте жоғары адам екенін білдім. Бір айтқаны бар Сосоның: «Сен сахнаға шыққанда әртіс бол, сахнадан төмен қарай түскенде адам бол деген», - дейді Айқын.

Түсіріліп жатқан бейнебаян келесі жылғы көктемге жақын жарыққа шығады, деп хабарлайды gakku.kz.

Сөз соңында, алыстан ат арытып келген әйгілі әнші еліміздің Тәуелсіздік мерекесімен құттықтауды да ұмытпады.