Әнші Бейонсе үздік бейнебаян үшін Грэмми сыйлығын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Бейонсе үздік музыкалық видео үшін Грэмми сыйлығын алды, деп жазады «РИА Новости» агенттігі.

Аталған номинация бойынша сыйлыққа әнші Леон Бриджестің, Coldplay тобының, орындаушы  Джейми Экс-Экс және OK Go рок-ұжымының бейнеклиптері үміткер болған еді.

Марапат салтанатты шараның алдында тапсырылды.

Кәсіби музыканттарда жүлдені тағайындау идеясы 1957 жылы Лос-Анджелесте пайда болды, ол кезде Томас Эдисонның граммофонды ойлап тапқанына 80 жыл толуы атап өтіліп жатты. Жүлденің атауы («Грэмми») мен мүсіншенің формасының (алтын жалатылған граммофон) граммофонға ұқсайтыны да сондықтан.