Әнші, фортепиано және контрабас: Астана Операдағы тамыз кештері

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тамыз айында «Астана Опера» театрында вокалдық әрі аспаптық музыканың қызықты да тартымды концерттер өтеді. Белгілі әртістер Камералық зал сахнасында қазақстандық және шетелдік классиктердің, сонымен қатар заманауи композиторлардың танымал әрі сирек орындалатын туындыларымен өнер көрсетпек. Бұл жөнінде театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

21 тамыз күні сағат 19.00-де пианист Әсел Әбілсейітованыңорындауындағы «Үн қатқан бейнелер» атты фортепианоға арналған музыка кешіөтеді. Әртіс – Лондондағы Корольдік Музыка академиясы мен Швейцарияның Базельқаласындағы Жоғарғы музыка мектебі магистратурасының түлегі. Бүгінгі таңда ол Қазақстанмен Еуропа сахналарында солист ретінде әрі камералық ансабль құрамында белсендіконцерттік қызметін жүргізіп келе жатыр. Осы кеште Әсел ӘбілсейітоваТ.Қажығалиев, К.Дебюсси, И.Альбенис, А.Хинастера сынды музыкалық классиктер менхалықаралық танымалдылыққа ие болған жас қазақстандық сазгерлер А.Сейілова,А.Нұркенованың шығармалары енген мазмұнды бағдарламаны ұсынады.


25 тамызда сағат 18.00-де «Әйел – ән әлемі» концерті өтеді. Елордалық көрерменге қазақ әйелінің санқырлы келбетінҚазақстанның еңбек сіңірген әртісі, сопрано Ғалия Байғазинова ұсынады.Сондай-ақ музыкалық кешке халықаралық байқаулардың лауреаттары Алмат Ізбамбетов(тенор), Әсем Қиықпаева, Назым Нұрғазиева (сопрано), Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіМемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» халық музыка ансамблі(көркемдік жетекшісі – Тоғжан Жахин) мен құрамына Алмагүл Байғазинова(фортепиано), Томирис Байғазинова (альт), Салтанат Байғазинова (флейта) енгенаспаптық трио қатысады. Фортепиано партиясында – Қазақ ұлттық өнеруниверситетінің профессоры Гүлзада Құсайынова.

Әйел бейнесі өнерде барлық уақытта да кеңінендәріптелген. Нәзік жанды сұлуларға ұлы суретшілер, ақындар мен сазгерлер өзшығармаларын талай арнаған еді. Әнші концертте фортепиано мен фольклорлықансамбльдің сүйемелдеуімен танымал қазақ халық әндерін, сондай-ақ Ш.Қалдаяқов,М.Маңғытаев, І.Жақанов, Н.Тілендиев, Е.Рахмадиев, Е.Хасанғалиев, Т.Мұхамеджановсияқты қазақстандық композиторлардың вокалдық жауһарларын шырқайды.


28 тамыз күні сағат 19.00-де «Астана Опера» театрыныңоркестр әртістері мен концерт қонағы – халықаралық байқаулардың лауреаты АлмасБайғожин (контрабас, Түркия) тыңдармандарға «Әуенімен тербеген контрабас…» аттықызықты бағдарлама ұсынбақ. Камералық зал сахнасында халықаралық байқаулардыңлауреаттары Назым Сағынтай (сопрано), Балнұр Құдайберген (скрипка), АсяНұржігітова (скрипка), Алтынай Балтатегі (альт), Гүлдана Төлепберген (фортепиано)өнер көрсетеді.

Ішекті аспаптар тобындағы ең төмен дауысты аспапжеке-дара шығарма орындайды – бұл сирек кездесетін жайт. Атап айтқанда,контрабас – айрықша тембрге ие, ал оның техникалық мүмкіндіктері біз білетінерекшеліктерінен де көп. Дарынды контрабас орындаушылары XVIII ғасырдыңортасынан, яғни осы аспаптың заманауи үлгіде пайда болуы кезеңінен белгілі. Бұлкеште өнерсүйер қауымға қазақ музыкасының классигі Ғ.Жұбанованың Ішектіаспаптар квартеті, ре минор ұсынылады. Бұдан бөлек, Ф.Прото, Дж.Боттезинидіңшығармалары шырқалмақ, бұл жерде музыкант тыңдармандарға контрабастың шебертехникалық әрі көркемдік мүмкіндіктерін паш етеді, сондай-ақ Р.Леонкавалло, М.Понсеніңтуындылары орындалады.

Соңғы жаңалықтар