Қытайдағы қандастарымыз «Қазақтың ән патшасы» деп атап кеткен әнші Хамит Ысқақұлы өткен жылдың күзінде өмірден озған болатын. Марқұмның асына Қытайдағы белгілі ақын-жазушылар, мәдениет қайраткерлері және басшылар қатысып еске алу сөздерін сөйледі. Кешке жиналған 500-ге тарта жұртшылық әншіге арналған әсерлі әндер мен бейне-сюжеттерге куа болды.
Хамит Ысқақұлы Қытай әскери оркестірінде әнші болып, генерал-майор шеніне дейін жеткен, қазақ тілінде ғана емес қытай және Қытайдағы аз санды ұлттар тілінде еркін ән шырқаған әртіс. Ол көзі тірісінде Франция, Жапония, Швейцария, Пәкістан, Аргентина, Вьетнам, Қазақстан қатарлы елдерде өнер сапарымен талай рет болған. Шетелдерде өткен халықаралық ән байқауында бас жүлдені бермеген бұлбұл көмей, жез таңдай әнші Қытай Халық Республикасының 1-дәрежелі әртісі. Оның репертуарындағы 200-ден астам әннің қатарында қазақ халық әндерінің орны бөлек. Ән шырқаумен қатар 300-ден астам халық әнін жинап, зерттеген қандасымыздың ұлт мәдениетіне қосқан ұлесі де ұшан-теңіз.
BAQ.KZ