Әнші Луина «Rising Star Türkiye» байқауының ақтық кезеңіне дейін жетпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Луина «Rising Star Türkiye» байқауының екінші кезеңінде Алиша Киздің Empire State of Mind әнін шырқады.

«Ақтық кезеңге дейін жеткім келеді. Лайықты қатысушылардың өте көп болуынан, оның өте қиын болатынын түсініп отырмын», - деді Луина сахнаға шықпас бұрын.

Ән орындалған соң құрамына Мұстафа Сандал, Демет Акалын, Ойку Сертер және Фуат сияқты әншілер кірген қазылар алқасы таңданыстарын жасыра алмады.

Танымал түрік әншісі Мұстафа Сандал мұның алдындағы кезеңде де Луинаның талантын лайықты бағалаған болатын. Осы жолы ол сөзі жетпейтінін және орындау «өте әдемі» болғанын айтты.

Еске сала кетейік, онда Луина Бейонсенің «Halo» әнін аса шебер орындап шыққан еді.