«Бүгін қасиетті жұмада мешітке барып, Алладан Қанат Ислам бауырымның алдағы жеңісі үшін тілек тілеп, Қажы Мұқан бабамның намысы мен күшін, Мұхамед Алидің жігері мен абыройын тіледім. Қазақ халқы Геннадийді қандай жақсы көріп басына көтеріп жанкүйер болса, менің жерлесім Қанатты да дəл солай қолдайды деп білемін. Қанат қазақтың қарадомалақ баласы ғой. Я, Алла өзің қолдай гөр! Тілегімді қабыл ете гөр!», деп жазды әнші өз парақшасында.
Еске сала кетейік: Қанат Исламның АҚШ-та өтетін 21-ші жекпе-жегін «Қазақстан» ұлттық арнасы тікелей эфирде Астана уақытымен 9 мамыр күні таңғы сағат 07:00 де көрсетеді .
Ризабек Нүсіпбекұлы