Бұл туралы ол Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында айтқан.
«Мен ғарышқа ұшыру жобасына қатысуды жоспарлап отырмын және жақында Ресейғарыш бұл байламымды қуаттады. Енді мен ұшуға әзірленуге тиіспін, ал оның жай-жапсары таяу кездері Ресейғарыш пен Халықаралық ғарыш стансасы бойынша әріптестердің келісуімен белгілі болады», - деді Брайтман.