Бұл туралы сейсенбі, 10 маусым күні Роскосмоспен келісім бойынша «ғарыш туристерінің» сапарын ұйымдастырумен айналысатын Space Adventures компаниясының президенті Том Шелли хабарлады.
Оның сөзіне қарағанда, Брайтман ХҒС-ға 2015 жылдың қыркүйегінде ұшуды жоспарлап отыр және алдағы күзде Мәскеу түбіндегі ғарышкерлерді дайындау орталығында бірнеше ай бойы жаттығудан өтеді. «Ол өзінің бұл ойына нық сенімді және өзінің нақты жоспарларын құруда», - деп атап өтті Флорида штатының Ұлттық ғарыш клубында сөз сөйлеген Шелли. Ол Брайтманның ғарышта болған және онда қандай да бір музыкалық композицияны орындаған алғашқы кәсіби әнші ретінде тарихта қалғысы келетінін растады.