Осы аптаның соңында Колумбия-америкалық әнші Шакираның жұлдызы жанды. Ол ресми түрде Facebook-тағы ең көп пайдаланушы ретінде танылды.
Сайттың статистика мәліметтеріне сәйкес, әншінің парақшасын 86 миллионнан астам адам пайдаланған, бұл көрсеткіш батыстағы танымал әнші Рианадан 2 миллионға артық. Шакира бұл оқиғаға байланысты өзінің әлеуметтік парақшасында былай деп жазған: «Маған жаңа ғана бүкіл әлемде Facebook бойынша ең көп досы бар адам екенімді хабарлады. Әлі күнге сене алар емеспін».