Әнші Сырым Исабаев шаңырақ көтерді

None
АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың сүйіктісіне айналған әнші Сырым Исабаев бойдақтық өмірімен қоштасты, деп жазады Otyrar-tv.kz сайты.

Сырым қолына ақ құсын қондырды. Әншінің таңдаған жары түркістандық Айгерім есімді ару. 

Жұма күні, 20 сәуірде Шымкент қаласындағы ең белді деген тойханаларының бірінде Сырымның тойы атап өтілді. Тойға қазақ эстрадасының жарқын өнер жұлдыздары келді. Неке тойына келген қонақтардың ішінде Сырыммен бірге дуэт болып ән орындап жүрген әнші Қайрат Нұртас та бар. 

Сырым Исабаев Шымкент қаласында туып өскен. Отбасында үш ұлдың ортаншысы. Ал өнер жолын осыдан бірнеше жыл бұрын бастаған болатын. Алғашқы орындаған әндері: «Ақ гүлдер», «Кекілді қыз», кейін Қайрат Нұртаспен бірге «Бекер-ақ жолыққан екенмін», «Қимаймын», «Жас дәурен» сынды әндерді дуэт болып орындаған болатын.

Сонымен бірге, өткен жылы Сырым «Алып қашу оперциясы» атты фильмде басты рольді сомдады.