73 жастағы әншіге жергілікті кеңес Швейцарияның азаматтығын ұсынуды шешкені туралы Цюрих газеті хабарлады. Тернер неміс тілінде шапшаң сөйлейді және Цюрих маңында 90-жылдардың ортасынан бері тұрады.
Осыған байланысты, оның сөзіне қарағанда, ол өзін ештеңе байланыстырмайтын АҚШ төлқұжатынан бас тартуы тиіс деп хабарлайды "Вашингтон Пост".
Тина Тернер - шын есімі Анна Баллок - сегіз рет "Грэмми" сыйлығын иеленген, екі MTV Music Awards сыйлығы, Голливуд Аллеясындағы жұлдыз, World Music Awards "Аңыз" номинациясы сыйлығының және басқа да көптеген марапаттардың иегері.
02:06, 14 Қараша 2013
Әнші Тина Тернер АҚШ азаматтығынан бас тартады
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Рок-жұлдыз Тина Тернер Швейцария азаматтығын алды және АҚШ азаматтығынан бас тартуда, деп жазады БиБиСи.