Әнші Уитни Хьюстонның қызы қайтыс болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұзақ уақыт бойы комада жатқан белгілі америкалық әнші, актриса Уитни Хьюстонның жалғыз қызы - Бобби Кристина Браун қайтыс болды, деп хабарлайды ТАСС.

Оның жасы небәрі 22-де болған.

Бобби Кристина Браун Атланата ауруханасына (Джорджия штаты) 31 қаңтар күні жеткізілген болатын. Оны өз үйінен ес-түссіз жатқан жерінен тауып алған. Дәрігерлер қыздың өмірін құтқарып қалу үшін өкпені жасанды демалдыратын аппарат қосып қойған болатын.